Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

    Әкесіз өскен: Халыққа «Тақиялы періште» атымен танылған ардагер актер 88 жасында өмірден озды

    Әкесіз өскен: Халыққа «Тақиялы періште» атымен танылған ардагер актер 88 жасында өмірден озды

    Қазақстандықтардың сүйікті фильміне айналған «Тақиялы періште» киносы шынайы оқиғаға негізделгенін білесіз бе? Фильмнің бас кейіпкері Тана емес – Айнагүл, ал Тайлақтың прототипі – Сакко есімді азамат болған.

    Бұл туралы журналист Дархан Өмірбек әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Qazaq.todayақпарат агенттігі.

                                                Сакко кім болған?

    Қаратаев Сакко Бейсекұлы 1937 жылы дүниеге келген. Оның әкесі халық жауы деп қуғындалып, сәби Сакко әкесін көрмей жетім қалған. Анасы Айнагүл жеті баланы жалғыз өзі тәрбиелеп, бәрін ел қатарына қосқан. Бірақ ең жуас, момын әрі үйленуге батылы жетпеген кенже ұлы – Сакко болды.

    Жуас ұлы үйленбей қала ма деп алаңдаған анасы трамвайға отырып, болашақ келінін іздеуге кіріседі. Ол жол-жөнекей өзіне ұнаған қыздарды әңгімеге тартып, тұрмысқа шықпағандарын анықтаса, үйіне шайға шақырып отырған. Бірақ мұндай тәсіл нәтиже бермеген соң, медицина училищесінің қыздар жатақханасына барып, сондағы қыздармен таныса бастайды. Осылайша, Саккоға қалыңдық табу операциясы басталған.

    Бұл оқиғаны Кәукен Кенжетаев өзінің ағасы Шәкен Аймановқа айтып бергенде, әйгілі режиссер бірден оны кино сюжетіне айналдыруды ойлайды. Нәтижесінде, 1968 жылы «Тақиялы періште» фильмі экранға шығады.

                                     88 жасында дүниеден озды

    1 ақпан күні Қаратаев Сакко Бейсекұлы 88 жасында өмірден өтті. Оның қызы Әлия Балапанова кезінде әкесінің тарихын көпшілікпен бөлісіп, оның әйгілі фильмнің басты кейіпкерінің прототипі екенін растаған болатын.

    Шынайы оқиғаға негізделген «Тақиялы періште» фильмі қазақ киносының алтын қорына енді. Қаратаев Сакко Бейсекұлының өмір жолы – қарапайым отбасы құндылықтарының, ана махаббаты мен қамқорлығының айқын үлгісі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →