Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды

    Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтірген күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

    Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтірген күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

    Оралда 25 жыл бұрын болған адам өлтіру қылмысының беті ашылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    ІІМ мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында адам өліміне тапсырыс беруші мен оны орындаушы қолға түсті. Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болды. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан.

    Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

    «Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатысы барын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізіліп жатыр», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →