Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды

    Футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы тағайындалды

    Футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы тағайындалды

    Фото: sportplustv.kz

    Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Әли Ханалиұлы 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында «ЦСКА-Қайрат», «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Шығыс», «Ордабасы» және «Қызылжар» клубтарында ойнады. Сондай-ақ Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор» және «Диарбакырспор» командаларында өнер көрсеткен.

    Бапкерлік мансабын 2014 жылы «Ордабасы» сапында ойыншы әрі бапкер ретінде бастады. 2018 жылы футболшы мансабын аяқтаған соң Петропавлдың «Қызылжар» клубының тізгінін ұстап, Премьер-лигаға шығарды.

    2021 жылы Әлиев Қарағандының «Шахтер» клубында бас бапкер болып жұмыс істеп, кейін «Астана» ФК жастар командасын басқарды.

    2022 жылы «Жеңіс» командасын жаттықтырып, содан кейін қайтадан «Қызылжарға» оралды. Әли Әлиев 2022/2023 жылғы футбол маусымында “Қызылжарды” ішкі біріншілікте бесінші орынға шығарды. Сол жылы клуб тұңғыш рет Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге жолдама алды. Еурокубоктық жарыста алғашқы кезеңде хорватиялық “Осиек” футбол клубын екі ойын нәтижесі бойынша жеңіп, келесі кезеңге өткен еді. Алайда екінші раунда кипрлік “АПОЭЛ” клубынан жеңіліс тапты.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы уақытта 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу ойындарын өткізеді. Біздің құрама Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтейнштейн командаларымен бір топқа түсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →