Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды

    Ақтаудағы Алинаның өліміне кінәлі басты фигурант өмір бойына сотталды

    Ақтаудағы Алинаның өліміне кінәлі басты фигурант өмір бойына сотталды

    Ақтауда қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлеген бір топ ер адамға қатысты сот үкімді өзгертті. Басты күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Бұған дейін, 29 жастағы фитнес-жаттықтырушы Алина Серікова қорқытудан кейін өз-өзіне қол жұмсаған еді.  Бір топ жігіт спортшы қызды көшеде ұрлап әкетіп, ұзақ уақыт қинаған. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен бес айыпталушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған.  Бірақ Серікованың отбасы үкімді әділ деп санамаған.

    Осылайша 30 қаңтарда Алинаның зорлау ісі бойынша сотқа апелляциялық шағым түсіру үшін ондаған адам жиналды. Оның інісі басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.

    Шешім 31 қаңтарда жарияланды. Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушылар Еркебұлан Аманқос – 16 жыл, Аралбай Мерей – 13 жыл, Дархан Құлбас – 13 жыл, Қуаныш Үсенғали – 13 жылға сотталды. Сондай-ақ жәбірленушінің отбасына 30 миллион теңге өтемақы төленеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →