Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Абызда» жаңа жағдай: «Қазақмыс» кеншілер жатақханасын жөндеуге 126 млн теңге бөлді Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр «Абызда» жаңа жағдай: «Қазақмыс» кеншілер жатақханасын жөндеуге 126 млн теңге бөлді Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр

    Елімізде 60-тан астам әкім орынбасары айыппұл төледі

    Елімізде 60-тан астам әкім орынбасары айыппұл төледі

    Қазақстанда 60-тан астам аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына айыппұл салынды. Бұл туралы Экология министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    «Спутниктік технологиялар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау мен жоюдың тиімді құралы. Стихиялық қоқыс үйінділерінің анықталғаны туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» деректері негізінде аумақтық экология департаменттері әрбір жағдайды тіркеп, әкімдіктерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді», — деді Экология министрі.

    Министрдің сөзінше, егер әкімдіктер тиісті шараларды қабылдамаған жағдайда лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    «2024 жылы 164 лауазымды тұлға жалпы көлемі 9,4 млн теңгеге, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде 61 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді министр.

    Соңғы жылдары анықталған қоқыс үйінділерінің саны едәуір азайды. Мәселен, 2018 жылы 8,7 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 57%-ы жойылса, 2024 жылы шамамен 4,8 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 91%-ы жойылды.

    Фото: cbsnmr.ru

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →