Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Абызда» жаңа жағдай: «Қазақмыс» кеншілер жатақханасын жөндеуге 126 млн теңге бөлді Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр «Абызда» жаңа жағдай: «Қазақмыс» кеншілер жатақханасын жөндеуге 126 млн теңге бөлді Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр

    «Ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған»: Президент жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

    «Ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған»: Президент жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    – «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! – делінген жеделхатта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →