Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды •

    Калифорниядағы өртке байланысты 200 мыңға жуық адамға қауіп төніп тұр

    Калифорниядағы өртке байланысты 200 мыңға жуық адамға қауіп төніп тұр

    Лос-Анджелес округінде жалғасып жатқан өрт жалынның жаңа аудандарға таралу қаупін төндіріп отыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Kazinform-ға  сілтеме жасап.

    Онда 200 мыңға жуық адамға эвакуациялану қаупі төніп тұр.

    Қазіргі кезде Итондағы жалын 14 117 акр (5 713 га) аумақты қамтып отыр, 73%-ы сөндірілды, ал Палисейлстегі өрт 23 713 акр (9 596 га) аумақты қамтыды және 52%-ы сөндірілді. Пасадинде жалын 14 мың акр (5 665 га) астам аумақты өртеп жіберді және 81%-ы ауыздықталды, деп хабарлайды ABC News.

    Калифорния губернаторы Гэвин Ньюом жексенбіде өртпен күресу үшін қосымша ресурстар жұмылдыратынын жариялады. Атап айтқанда, штат билігі Оңтүстік Калифорнияда 170-тен астам өрт сөндіру, су таситын көліктер мен ұшақтарды жұмылдырады.

    Жағдайды жағада 70 миль (112 км/сағ) және Лос-Анджелес пен Вентура округтерінің тау етегінде 100 миль (160 км/сағ) дейін жетуі мүмкін желдің күшті екпіні қиындатып отыр.

    Жалынның Лос-Анджелес округінің Санта-Кларита, Сими-Вэлли, Таузенд-Оукс және Бербанк қалаларына таралу қаупі бар. Биліктің бірінші талабы бойынша 172 мыңға жуық адам эвакуациялануға дайын.

    Лос-Анджелес аймағындағы өрт биылғы жылдың 7 қаңтарында басталып, 27 адамның өмірін қиды.

    Фото: goodmorningamerica.com

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →