Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады Астана тұрғынының пәтерінен сұмдық зат табылды Роналду он жылдан кейін Джорджинаға ақыры үйленді «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады Астана тұрғынының пәтерінен сұмдық зат табылды Роналду он жылдан кейін Джорджинаға ақыры үйленді

    Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырылды

    Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырылды
    Дина Шайхислам

    Қазақстандық саясаттанушының халықаралық деңгейдегі жетістігі

    АҚШ Мемлекеттік департаментінің TechWomen бағдарламасының түлегі, танымал қазақстандық саясаттанушы Дина Шайхислам АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына қатысуға ресми шақырту алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Бүгін мен президент Трамп пен вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақыру алдым,» – деп жазды Дина әлеуметтік желідегі парақшасында, шақыру қағазын көрсеткен суретпен бөлісіп.


    Дина Шайхислам кім?

    Дина Шайхислам – әлемдік деңгейдегі жетекші саяси стратегтердің бірі. Ол:

    • Халықаралық сайлау науқандарын ұйымдастыруға көмек береді.
    • Жетекші компанияларға әлемдік нарықтарға шығу стратегияларын әзірлеу бойынша кеңесші ретінде қызмет атқарады.
    • Назарбаев Университетінің үздік түлектерінің бірі және балаларды дамытуға арналған CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы.

    Дональд Трамп инаугурациясын қалай өткізеді?

    АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациясын Капитолий ғимаратында өткізуге шешім қабылдаған. Ол бұл шешімді Вашингтондағы ауа райының қолайсыздығымен түсіндіріп, жақтастарының суықтап қалуын қаламайтынын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →