Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі •

    Түркияда некеге тұрған жастарға пайызсыз несие берілмек

    Түркияда некеге тұрған жастарға пайызсыз несие берілмек
    Muslim bride and groom at the mosque during a wedding ceremony

    Жаңа бағдарлама аясында бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері де өседі.

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 2025 жылды «Отбасы жылы» деп жариялап, бірқатар бастама ұсынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Негізгі бастамалардың бірі – некеге тұрған жастарға пайызсыз несиені енгізу болды. Несие сомасы 150 000 Түрік лирасын (шамамен 2,3 млн теңге) құрайды. Ол 48 айға беріледі. Бұл ретте несиені өтеу мерзімін екі жылға кейінге қалдыру тетіктері де қарастырылған. Бұл ұсыныс жас жұбайлардың қаржылық ауыртпалығын азайтып, олардың бірге бақытты өмір сүруіне септігін тигізеді.

    Сонымен қатар, жаңа бағдарлама аясында бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері де өседі:

    бірінші бала үшін ата-аналар 5 000 лира (шамамен 80 мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады;

    екінші бала үшін ай сайын 1 500 лира төленеді (шамамен 23 мың теңге);

    үшінші және әрбір кейінгі бала үшін отбасы ай сайын 5 000 лира алады (шамамен 80 мың теңге).

    Президент Ердоған бұл шаралар отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға, жас ата-аналарды қолдауға және бала туу көрсеткішін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

    «Мықты отбасы – біздің қоғамның негізі. Жастар болашаққа сеніммен қарап, отбасын құруға ұмтылатындай жағдай жасауға міндеттіміз», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →