Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі •

    Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция салды

    Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция салды

    Жапония үкіметі Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Арнайы көлік құралдарына арналған қозғалтқыш бөлшектерін қоса алғанда 335 позицияны экспорттауға тыйым салынды. Бұдан басқа химиялық қарудың өндірісімен байланысты химиялық заттарға да эмбарго жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Шектеулер 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.

    Ресейдің 11 азаматының, 29 ұйымы мен 3 банктің активтері санкцияға ұшырады. Тиісті тыйым Солтүстік Кореяның бір азаматы мен Грузияның бір банкіне де әсер еткен.

    Шетелдегі 31 компания Мәскеуге санкцияны айналып өтуге көмектесті деп айыпталып отыр. Тізімде БАӘ, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Таиланд және Түркия елдеріндегі ұйымдардың да аты аталады.

    Жапония сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Астанада тіркелген «Da group 22» компаниясы санкция астында қалған.

    Фото: dubinin-partner.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →