Басты бет » Қазақстандықтарды 43 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ Сербияда ұсталды

Қазақстандықтарды 43 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ Сербияда ұсталды

Фото:  istockphoto.com

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталды.

Ведомствоның ақпаратынша, 2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған.

 «Бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды», – делінген хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика