Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

    Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

    Сәрсенбі күні Қытайдың солтүстік батысындағы Цинхай провинциясында 5,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Цинхайдағы жер сілкінісі 8 қаңтар күні Бейжің уақытымен 15:44-те болды. Жерасты дүмпулері Цинхай провинциясының Гуоло-Тибет автономиялық префектурасының Мадуо округінде тіркелді.

    Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 34,79 градус солтүстік ендікте, 97,51 градус шығыс бойлықта жатыр. Гипоцентр 14 км тереңдікте жатқан.

    Цинхай — Қытайдың солтүстік-батысындағы халқы аз провинция. Жер сілкінісі болған Мадуо округінің орташа биіктігі теңіз деңгейінен 4 мың метрден асады.

    Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

    Айта кетейік, 7 қаңтарда Сизан автономиялық ауданы Шигадзе қаласында болған жер сілкінісі салдарынан 126 адам қаза тауып, 180-нен астамы жарақат алған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →