Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы күміс алды Қазақстандық спортшылар Көшпенділер ойындарында 13 медаль жеңіп алды Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын Қазақконцерт 66-маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 120 жылдығына арнады Грекиядағы әуе шоуында F-4 ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы күміс алды Қазақстандық спортшылар Көшпенділер ойындарында 13 медаль жеңіп алды Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын Қазақконцерт 66-маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 120 жылдығына арнады Грекиядағы әуе шоуында F-4 ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты

    Елімізде төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны қымбаттады

    Елімізде төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны қымбаттады

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім еткендей, 2025 жылдан бастап елде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Төлқұжат жасату құны

    – 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);

    – Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.

    – 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

    Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ қазақстандықтар қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек алуына болады.

    Жеке куәлік жасату құны

    Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлейтін болады.

    Жеделдетіп әзірлеу мүмкіндігі

    Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін: 1 жұмыс күнінде әзірлеп беру – 3 372 теңге, 3 жұмыс күнінде дайындап беру үшін – 1 771 теңге төлеу керек.

    Облыс орталықтары үшін: 3 жұмыс күні – 3 372 теңге. 5 жұмыс күні – 1 771 теңге.

    Аудандар мен облыс қалалары үшін: 7 жұмыс күні – 605,31 теңге.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →