Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    Жүкті кезінде шаш қидырып, кірпік жапсыратын әйелдерден ауру бала туады — гинеколог Маржан Сағымбекова (ВИДЕО)

    Жүкті кезінде шаш қидырып, кірпік жапсыратын әйелдерден ауру бала туады — гинеколог Маржан Сағымбекова (ВИДЕО)

    Тараз қаласындағы гинеколог дәрігер, 45 жылдық тәжірибесі бар Маржан Сағымбекова бала көтеруді жоспарлап жүрген қыз-келіншектер мен жүкті әйелдерге кеңес берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    «Кеңес заманында жүкті әйелдерге шашын кесуге, боянуға, тырнақ жасатуға рұқсат бермейтін. Жуынбай, кір-қожалақ болып жүр деп отырған жоқпын.  Ал, қазір келіншектер перзентханаға барарда боянатыны соншалық, театрға барғандай келеді. Бірақ оның бәрі — химия. Қазір сән салонында жүкті адамдар өте көп. Шашын неше түрлі етіп қияды, кірпік жабыстырып, еріндерін ісітеді. Оның бәрі жатырға, балаға кетеді. Одан кейін қандай бала туады? Неге аутизм көп, неге церебралды параличпен туған бала көп?», — дейді ол.

    Дәрігердің айтуынша, қазір емханаларда ауру бала көбейген.

    «Дені сау бала тумайды. Барлық себеп осында жатыр. Қыз, келіншектер, бала көтеремін деп жоспарласаңдар, жауапкершілікпен қараңдар. Жатырда жатқан балаға жағдай жасаңдар. Ол бала 9 ай химиясыз өсуі керек. Олар біздің болашығымыз ғой», — дейді Маржан Сағымбекова

    Ал, Қазақстандағы дәрігерлер туралы ақпарат жариялайтын сайттардың бірінде Маржан Сағымбекованың Таразда жұмыс істейтіні және жалпы тәжірибесі 45 жыл екені жазылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →