Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: 111 адам қаза тапты Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: 111 адам қаза тапты Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді

    Асад режимі құлаған Сирияда жаңа наразылық басталды

    Асад режимі құлаған Сирияда жаңа наразылық басталды

    Фото: reuters

    Христиан дінін ұстанатын сириялықтар наразылыққа шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

    Христиандар көп тұратын Сукайлабия қаласында Рождество мейрамына арналған шыршаны бетперде киген адамдар өртеп жіберген соң, адамдар көшеге шықты. Башар Асад режимін құлатқан «Хайят Тахрир аш-Шам» ислам фракциясы шыршаны өртеген шетелдік содырларды ұстағанын хабарлаған және діни этникалық азшылықты қорғауға уәде берген.

    Сейсенбі күні наразылыққа шыққандар саны артып, оған Дамаскінің кейбір аудандарының тұрғындары қосылған.

    Сирияда көп этникалық және діни топтар бар. Екі апта бұрын елді 50 жыл билеп-төстеген Асад режимі құлаған еді. Түркия билігі 25 мың сириялықтың Отанына қайтқанын хабарлаған. БҰҰ, АҚШ, ЕО мен Ұлыбританияда террористік ұйым ретінде танылған «Хайят Тахрир аш-Шамның» елді қанша уақыт басқаратыны әзірге белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →