Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Жерорта теңізінде ресейлік кеме батып кетті

    Жерорта теңізінде ресейлік кеме батып кетті

    Ресейдің жүк кемесі Жерорта теңізінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды iQazaq Today ақпарат порталы El Espanol басылымына сілтеме жасап.

    «Ресейлік Ursa Major жүк кемесі дүйсенбіде машина бөлмесінде болған жарылыстан кейін Агилас (Испанияның Мурсия провинциясы) мен Оран (Алжир) қаласы арасындағы суларда батып кетті. Экипаждың 14 мүшесі құтқарылып, Картахена портына жеткізілді. Тағы екі адам әлі күнге дейін табылмады», — деп жазды басылым.

    Құтқару операциясына бірнеше балық аулау қайықтары қатысқан. Кейін оларға көмекке Clara Campoamor кемесі мен Испания әскери-теңіз күштерінің патрульдік қайығы келді.

    Ресейлік кеме Санкт-Петербург қаласынан 12 күн бұрын шыққан. Көрші елдің сыртқы істер министрлігі жүк көлігі апатқа ұшырағанын, екі азамат жоғалып кеткенін растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →