Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Иранда әнші қыз хиджабсыз өнер көрсеткені үшін үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Иранда әнші қыз хиджабсыз өнер көрсеткені үшін үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Иран билігі әнші Параста Ахмади мен оның командасына YouTube желісіндегі онлайн концерті үшін қылмыстық іс қозғады. Cебебі бойжеткен хиджабсыз өнер көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Қауіпсіздік қызметі Ахмади мен төрт музыкантты ұстады. Әншінің адвокатының айтуынша, видеода ол хиджабсыз және иығы ашық көйлекпен болған, бұл Иран республикасының заңына қайшы.

    YouTube Иранда бұғатталғанына қарамастан, жазба интернетке тез таралды. Бір тәулікке жетер-жетпес уақытта видео 150 мың қаралым жинады.

    Иран билігі бұл шараның рұқсатсыз өткенін және құқықтық, мәдени нормаларды бұзғанын айтты. Ел заңдарына сәйкес, әйелдерге жеке ән айтуға және қоғамдық орындарда хиджабсыз жүруге тыйым салынады.

    Жақында билік мұндай әрекеттері үшін жазаны қатайту туралы шешім қабылдады. Түзетулер қабылданса, хиджаб киюден бас тартып, «ұятсыздықты таратты» деп айыпталғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда Иран президенті бұл түзетуді қабылдауға тыйым салған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →