Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Павлодар облысында педофил 20 жылға сотталды

Павлодар облысында педофил 20 жылға сотталды

Фото: unicaresupport.com

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Qazaq.today.

Сот процесі жабық жағдайда өткізілді. Сотталушы О.-ның кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындыларымен және іс бойынша зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.

Прокурор О.-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда сотталушы зорлау бойынша тағылған айыпты мойындамады, ал сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері бойынша ішінара кінәсін мойындады.

«Сот О.-ның мас күйінде аса ауыр екі қылмыс жасағанын, бұрын сотталғанын және оның әрекеттері қылмыстардың қауіпті қайталануы ретінде танылғанын ескерді.  Нәтижесінде сотталушы О.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру; өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар сот жәбірленушінің талап арызын қанағаттандырып, моральдық зиян ретінде 7 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика