Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады

    «Баян ой салып қойды»: Жазира Байырбекова тағы да бөпелі болуға қатысты жауап берді

    «Баян ой салып қойды»: Жазира Байырбекова тағы да бөпелі болуға қатысты жауап берді

    Әнші Жазира Байырбекова жақында ана атанған Баян Мақсатқызының оқиғасынан кейін тағы да сәбилі болуды ойға алғанын айтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

    Жазира Байырбекова бөпелі болу туралы жоспарлағанын, алайда артынша ойынан айнығанын айтты.

    «Баянның оқиғасынан кейін көп әйел жан-жаққа хабарласып, сұрастырып, балалы болсам деп мамандар іздестірген екен. Тіпті мен де сұрастырдым. Тағы да балалы болсақ қалай болады дедім. Сөйтсем, мамандар болады деді. Бірақ ары ойладым, бері ойладым: қазір жасымыз 46-да, баламыз тұрмысқа шығатын болса тіпті 70-ке келеді екенбіз. Сонда бізді ата-әже дей ме, папа-мама дей ме деп ойладым. Өзімізді ғана ойлай бермей, баланың да жағдайын ойлау керек шығар деп, тоқтадым», — деп жауап берді ол журналист Айнұр Ілиясоваға.

    Жазира Байырбекова — Қазақстанның танымал әншісі, өнер иесі. Ол қазақтың дәстүрлі музыкасын заманауи әуендермен үйлестіріп, ұлттық мәдениетімізді насихаттауда үлкен үлес қосып жүрген тұлға. Жазира көпшілікке жарымен бірге құрған «Жанболат пен Жазира» дуэті арқылы кеңінен танылды. Жұлдызды жұптың Қазыбек, Дара есімді ұлы мен қызы бар. Жазира тұңғыш ұлынан кейін 22 жылдан соң сәби сүйді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →