Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Шардарада білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 3,7 млрд теңге ұрлаған

    Шардарада білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 3,7 млрд теңге ұрлаған

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    12 қатысушыдан тұратын тұрақты ұйымдасқан топ, оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты бухгалтерлері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен 2020-2023 жылдар кезеңінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді.

    Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді.

    Қабылданған шаралармен жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы туралы есеппен прокуратураға жіберілді, – делінген хабарламада.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жымқыру тәуекелдерін барынша азайту мақсатында барлық өңірлерде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесі енгізілгенін мәлімдеді. Бұл жоғары жалақы мен «жоқ жандарды» есептейтін, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

    Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексерілетін болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →