Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай •

    Норвегия ханшайымының баласы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

    Норвегия ханшайымының баласы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

    Фото: Ragnar Singsaas / Getty Images

    Норвег полициясы сейсенбі күні елдің мұрагер ханшайымының 27 жастағы ұлы қыз зорлады деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

    Жергілікті полиция мәліметінше, Мариус Борг Хойбюге «жақын қатынассыз жыныстық әрекет жасады» деген айып тағылған. Жәбірленуші 20 жастағы қыз екені мәлім. Ол Хойбюды танымайды, бұрын кездеспеген.

    Ханшайымның ұлы дүйсенбі күні түнде ұсталып, сәрсенбінің таңына дейін тергеу изоляторында отырған. Оның адвокаты Эйвинд Братлиеннің CNN-ге хабарлауынша, күдікті тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Норвегияның NRK қоғамдық телеарнасы Хойбюдің үстінен осымен бесінші адам шағым түсіріп отырғанын хабарлады.

    Полицияға арыз түсірген үш қыз бұрын ханшайым ұлымен қарым-қатынаста болған. Олар Мариусты «еркінен тыс зорлады» деп айыптаған. Сонымен бірге 20 жастағы бір жігіт «өлтірем деп қорқытты» деп полицияға шағымданған.

    «Ол жақын қатынаста болған соңғы қызына қол көтеріп, пәтеріне зақым келтіргенін ғана мойындайды. Қалған арыздарға келер болсақ, ол тағылған осы айыптар үшін өзін кінәлі деп санамайды», — дейді Хойбюдің адвокаты.

    CNN Норвегия патша үйіне осы мәселелерге қатысты сауалдарға жауап беруін сұрады. Мариус Борг Хойбюдің анасы Метте-Марит мұрагер ханзада Хокон Магнусқа 2001 жылы үйленген. Мариус үйлену тойына дейін дүниеге келген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →