Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Шоуға тойып болдық»: алаштанушы билікпен қоса Аша Матай мен Тамара Асарға шүйлікті 48 градус аптап ыстық: алдағы бес күнде жауын-шашын болмайды Лионель Месси ӘЧ-2026 жартылай финалында әлемдік рекордтарды жаңартты Аргентина құрамасы Англияны жеңіп, футболдан ӘЧ-2026 финалына шықты Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді «Шоуға тойып болдық»: алаштанушы билікпен қоса Аша Матай мен Тамара Асарға шүйлікті 48 градус аптап ыстық: алдағы бес күнде жауын-шашын болмайды Лионель Месси ӘЧ-2026 жартылай финалында әлемдік рекордтарды жаңартты Аргентина құрамасы Англияны жеңіп, футболдан ӘЧ-2026 финалына шықты Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді

    «Қызыл қауіп деңгейі жарияланды»: 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болмақ

    «Қызыл қауіп деңгейі жарияланды»: 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болмақ

    Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Метеорологиялық ұйым мәліметінше, 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі кезең тарихтағы ең жылы онжылдық болмақ. Ұйым климаттың күрт өзгеруіне байланысты «қызыл қауіп деңгейін» жариялады. Ол атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының таралуынан жеделдеп жатыр.

    «Мұздықтардың еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі және мұхиттардың жылынуы жеделдеп жатыр. Ал экстремалды ауа райы бүкіл әлем экономикасына зиянын тигізіп отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы орташа жаһандық жер бетінің температурасы өнеркәсіпке дейінгі деңгейден 1,54 градус Цельсий жоғары болды. Бұл Эль-Ниньо табиғи құбылысынан туындаған жылынуға көмектесті», – делінген БакудеГІ БҰҰ-ның климаттық конференциясының ашылуында.

    Біріккен ұлттар ұйымының мәлімдеуінше, Париж келісімінің мақсаттары орындалмауы мүмкін.

    «Климаттық апат халықтың денсаулығына зиянын тигізіп, теңсіздікті арттырып, тұрақты дамуға нұқсан келтіріп, бейбітшілік негіздеріне нұқсан келтіріп отыр. Бұл жағдайда халықтың осал топтары көп зардап шегіп жатыр», – деді Антониу Гутерриш.

    2024 жылы орташа жаһандық температура 2023 жылғыдан да асып кетуі мүмкін.

    Фото: news.day.az

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →