Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты •

    Трамп Путинмен сөйлесуге дайын екенін айтты

    Трамп Путинмен сөйлесуге дайын екенін айтты

    Фото: © РИА Новости / Илья Питалев

    АҚШ Республикалық партиясының мүшесі Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Ресей Президенті Владимир Путинмен әлі байланысқа шықпағанымен, алдағы уақытта оның мүмкін екенін айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Менің ойымша, біз сөйлесеміз», — деді Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында.

    Ол сайлаудың алдын ала қорытындылары шығарылғаннан бері әлемнің 70-ке жуық лидерімен, соның ішінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескенін айтты. Ол Зеленскиймен болған әңгіменің егжей-тегжейін ашпады.

    Бұған дейін Путин 7 қараша, бейсенбі күні Валдай форумында өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың сайланған президентіне телефон соғуға қарсы емес екенін айтқан.

    «Олай істемей келгенім Батыс мемлекеттерінің басшылары апта сайын дерлік бір мезетте маған телефон соғып, мүмкіндік бермегендерімен байланысты», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →