Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі топтағы барлық қарсыласынан басым • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Қостанайда мектеп аулалары жеміс бағына айналуда • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды • Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі топтағы барлық қарсыласынан басым • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Қостанайда мектеп аулалары жеміс бағына айналуда • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды •

    Астанада LRT құрылысына жұмысшылар іздестіріліп жатыр

    Астанада LRT құрылысына жұмысшылар іздестіріліп жатыр

    Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

    Таңдап алынған кандидаттар Астанада және Қытайда оқудан өтеді. Астанада құрылысы әлі аяқталмаған LRT жүйесінің автоматтандырылған құрамдарына операторлар қабылданып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы  «City Transportation Systems» жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап. 

    Байқауда компания қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыру жұмыс берушінің есебінен қамтамасыз етілетінін айтқан.

    Компанияның мәліметінше, LRT құрамдары толық автоматтандырылған және пилотсыз жұмыс істейді. Жарияланған бос орын байқауында талаптар да көрсетілген.

    Онда темір жол көлігі саласындағы жоғары білімі және кемінде 3 жыл локомотив машинисі / тепловоз машинисінің көмекшісі ретінде кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек екені көрсетілген.

    Бұдан бөлек, жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын бақылау, қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау және ақауларды анықтап жою міндеттері кіреді.

    Сондай-ақ, желдету жүйесін бақылау, жолаушылардың міну мен түсу тәртібін сақтау, қозғалмалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету міндеттері де жазылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →