Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі топтағы барлық қарсыласынан басым • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Қостанайда мектеп аулалары жеміс бағына айналуда • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды • Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі топтағы барлық қарсыласынан басым • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Қостанайда мектеп аулалары жеміс бағына айналуда • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды •

    Оралдық шенді жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

    Оралдық шенді жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бөлім басшысына 184,6 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Шекара қызметі департаментінің бөлім басшысы жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік тізгіндегені анықталды.

    «Ол 2024 жылғы 14 мамырдағы қаулыға сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Алайда 2024 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында автокөлік құралын басқару кезінде қайта ұсталған. Сот отырысында азамат С. көлік құралын басқару фактісін жоққа шығармай, жазаны айыппұл түріндегі өндіріп алумен шектелуді сұрады», — деп хабарлады облыстық сот.

    Сот оны кінәлі деп танып,  оған 184 600 теңге әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануды қаулы етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →