Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Роналду Қазақстанға қарсы үш матч өткізіп, екі гол соққан • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады • Астанада мас ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғаған қызға шабуыл жасады • Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 19-орын алды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Роналду Қазақстанға қарсы үш матч өткізіп, екі гол соққан • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады • Астанада мас ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғаған қызға шабуыл жасады • Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 19-орын алды •

    Маңғыстауда өлген итбалықтардың саны 300-ге жуықтады

    Маңғыстауда өлген итбалықтардың саны 300-ге жуықтады

    Фото: Балық инспекциясы

    Каспий жағалауына шығып қалған өлі итбалықтардың саны артуда. 24-29 қазан аралығында Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген мониторинг кезінде 289 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Теңіз жағасындағы мониторинг жұмыстарын Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері гидробиология және экология институтының өкілдерімен бірлесіп жасады.

    Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің айтуынша, жағалау аймағының мониторингі жалғасуда.

    «Жергілікті атқарушы органдар мен гидробиология және экология институтының, Qazaq balyk республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері сол жерге жұмыс істеп жатыр. Итбалықтардың өлімінің себептері тиісті зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін белгілі болады», — дейді ол.

    итбалық
    Фото: Балық инспекциясы
    итбалық
    Фото: Балық инспекциясы

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →