Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Министрге телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады • Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Роналду Қазақстанға қарсы үш матч өткізіп, екі гол соққан • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады • Министрге телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады • Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Роналду Қазақстанға қарсы үш матч өткізіп, екі гол соққан • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады •

    Бұрынғы әйелін ұрып-соқты деп айыпталған бұрынғы әкімге қатысты сот үкімі өзгерді

    Бұрынғы әйелін ұрып-соқты деп айыпталған бұрынғы әкімге қатысты сот үкімі өзгерді

    Фото: БҚО әкімдігі

    Атырау облысында әйелін ұрғаны үшін сотталған Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімі өзгертілді. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Сот мәліметінше, Атырау қаласының №2 соты И.-ді материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы), 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді.

    «Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді. Іс апелляциялық алқаға жәбірленуші және қорғау тарабының шағымдары, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша түсті. Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, И.-дің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қортындысымен дәлелденді деген тұжырымға келді», — делінген хабарламада.

    Алқа «кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты» саралау белгісі дұрыс тағылмаған деп шешті. Жәбірленушінің сотталғанға материалдық тәуелділігі туралы дәлел ұсынылмады. Жәбірленушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды.

    Осыған байланысты, И.-дің әрекеті ҚК-тің 107-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды. Оған 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды (2 415 000 теңге).

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →