Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

Балабақша есепшісі: Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған көпбалалы ана сотталды

Балабақша есепшісі: Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған көпбалалы ана сотталды

Шымкентте мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін көпбалалы ана сотталды. Ол балабақша есепшісі қызметін атқарып жүріп, коммуналдық төлемдерге артық ақша бөліп отырған. Бұл туралы жергілікті Оtyrar.kz сайты жазды.

Осылайша бес баланың анасы өз шотына 15 млн теңгеден астам қаржыны аударып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Оның кінәсі сотта дәлелденіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сотталушыға ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алу бабы бойынша айып тағылған. Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді», — деп жазды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →