Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді •

    Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ

    Ресейдің Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды. Қазақстан Энергетика министрлігі апаттың елімізге газ жеткізуге әсер етпегенін хабарлады.

    Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ

    Сурет: Ашық дереккөздерден

    Ресейдің Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» магистральды газ құбырының жер асты бөлігінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан биіктігі 70–80 метрге жететін алау тілдері пайда болған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Апат 13 қазан күні күндіз Волчково ауылының маңында тіркелді. Қазіргі кезде зақымдалған учаске жедел түрде жабылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

    Ұзындығы шамамен 5 мың шақырымды құрайтын бұл магистральдық жүйені «Газпром» компаниясы басқарады. 2023 жылдан бастап аталған бағыт кері режимде жұмыс істеп, Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға транзиттеуді және Қазақстанның батыс өңірлерін қамтамасыз етуді жүзеге асырып келеді.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсель Серікпаева Ресейдегі магистральды газ құбырындағы апат елімізге газ жеткізуге әсер етпегенін мәлімдеді.

    — Ресей газын Қазақстан Республикасына жеткізу қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде және өтінімдерге сәйкес штаттық режимде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан бағытындағы транзиті де жоспарланған көлемде орындалып жатыр. Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің жұмысында ешқандай ауытқулар тіркелген жоқ, — деп атап өтті министрлік өкілі.

    Энергетика министрлігі бұл оқиға Қазақстандағы тұтынушыларды газбен қамтамасыз етуге ықпал етпейтінін және «Газпром» тарапынан жеткізу режимін өзгерту бойынша ешқандай сұраныс түспегенін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →