Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті

    Оралда мектеп оқушысы пышақ жарақатын алды

    Оралда мектеп оқушысы пышақ жарақатын алды

    Орал қаласында жалпы білім беретін орта мектептердің бірінде екі жоғары сынып оқушысы арасында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Аталған дерек бойынша балалардың ата-аналары бір-біріне шағым түсірмеген. Алайда полиция оқушының бірінің ата-анасын бала тәрбиелеудегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жасөспірімдер алдын ала есепке қойылды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жалғастыруда», — деп хабарлады ведомстводан.

    БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 23 қазан күні сағат 17.27-де пышақ жарақаты бойынша жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы 2008 жылғы жасөспірімді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жарақат пунктіне жеткізді. Жарақат өңделгеннен кейін сол жер жансыздандырылып, тігілген. Амбулаторлық ем тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →