Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды •

    Бөлмесіне у жіберілген: Ресейлік журналист Ташкенттегі қонақ үйде мерт болды

    Бөлмесіне у жіберілген: Ресейлік журналист Ташкенттегі қонақ үйде мерт болды

    Ресейлік журналист Инесса Паперная мен күйеуі Ташкенттегі қонақ үйлердің бірінде көз жұмды. Олардың бөлмесіне у жіберілген, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Ресей Федерациясының азаматтары 45 жастағы Максим Радченко мен 43 жастағы Паперная Инесса Викторовна Мирабад ауданында орналасқан қонақ үйде өлі күйлерінде табылды. Сот-медициналық дәрігерлер өлім «белгісіз этиологияның улануынан» деген қорытындыға келді. 44 жастағы Өзбекстан азаматы да сол қонақ үйдің басқа бөлмесіндегі ваннадан өлі күйінде табылды.

    Қонақ үй уақытша жабылды. Өзбекстан Қылмыстық кодексінің «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Папернаян күйеуімен бірге Ташкентке демалысқа келген. Олар «Караман палас» қонақ үйіне тұрақтаған.

    20 қазан күні  кешке Папернаяға тапсырыс келгенмен, ол қонақ үй қызметкерлерінің қоңырауларына жауап бермеген, есікті де ашпаған.

    «Паперная мен Радченко 11 қазанда демалысқа кеткен. 20 қазанда ерлі-зайыпты Мәскеуге оралуы керек еді, сол күні бірақ байланысқа шықпаған. Журналистің әкесі қонақ үйге келді. Олардың денесі ваннадан табылды. Туристер желдету жүйесіне түскен газдан уланған», — деп жазылған хабарламада. 

    Инесса Паперная Lenta.ru, Profile және Известия басылымдарында жұмыс істеген. Папернаяның артында 12 жастағы ұлы қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →