Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді •

    Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды

    «МузАРТ» триосының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы 89 жасында дүние салды. Жаназа намазы Түркістан облысы Созақ ауылында өтеді.

    Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды

    Сурет: Әлеуметтік желі

    Танымал әнші, «МузАРТ» триосының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында өмірден өтті. Бұл туралы әншінің Instagram парақшасында жарияланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Ұлтай Мырзамбекқызы Раббысына қайтты. Жаназа намазы Түркістан облысы, Созақ ауылында өтеді», – делінген жазбада.

    Былтыр әншінің өзі әпкесінің қазасы анасына қатты батқанын, соның салдарынан анасының әлсіреп қалғанын айтып, жазба жариялаған еді.

    «Алматыға жүріңіз, кеттік деп әпкем тірі кезде алып кете беретінмін. Қазір енді қызы қайтыс болғанда жүргені несі деген оймен сол күйі қалып қойды. Ары-бері жүрмейді, ешқайда шықпай қалды. Негізі кез-келген ата-анасы тірі адамдарға айтатыным, отырғызбау керек. Ары-бері жүргізе беру керек, қыдырту керек, тойға апару керек. Ләйләға сол үшін риза боламын, анасымен бағдарлама түсіріп, ойын біліп. Қазір төселіп қалды, камерадан да сескенбейді. Сен үлгі болып жүрсің. Әке-шешеміз тірі кезде анда-мында апару керек, қыдырту керек. Бүркітке риза болдым, одан кейін Ерке Есмахан өз анасын Төрештің тойына алып келді. Көзі тірі кезінде Медеу Арынбаев, Дәулет Тұрлыханов, Жеңіс Ысқақованың анасын үйге шақырдым. Көп аналарды үйге шақыруға тырысамын. Сол жүргісі келмей қалды ғой. Былайша айтқанда, өз-өзін тастай салды. Аталатпасаң да, боталатпа деген осы екен», – деген еді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →