Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті

Павлодарлық алаяқ астаналықтарға жоқ жиһаздарды сатқан

Павлодарлық алаяқ астаналықтарға жоқ жиһаздарды сатқан

Астанада жоқ жиһаздарды сатып, алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.

Полиция мәліметінше, павлодарлық тұрғын сатып алушыларға аздаған аванстық төлем  аударуды ұсынған.

«Павлодар қаласының тұрғыны жоқ жиһаз сатумен айналысатын «бизнес» ұйымдастырған. 30 жастағы әйел интернетте қымбат емес тұрмыстық заттар сататыны туралы хабарландырулар жариялаған. Ол мобильді банкинг арқылы шағын алдын ала төлемді – 5 мыңнан 30 мың теңгеге дейін аударғысы келетіндерге ұсынған. Қазіргі уақытта полицияға алаяқтыққа ұшыраған 10-ға жуық азамат хабарласып, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға, сақтық танытып, жеке және банктік деректерін, SMS хабарламаларының мазмұнын ешкімге бермеуге шақырды.

«Күмәнді сатушылардан тауарлар мен қызметтерді сатып алмаңыз. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз. Сіздің жеке жинақтарыңыз бен жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі сіздің қолыңызда екенін есте сақтаңыз», – делінген хабарламада. 

Интернеттегі алаяқтық фактілерінің көбеюіне байланысты елордада «Алаяқтықты тоқтату» операциясы жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қалада жыл басынан бері 4 мыңға жуық интернет алаяқтық фактісі тіркелген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →