Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Қаптың ішіне төгілген қан: 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ Жеке үйге ілуге рұқсат: Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа тәртібі Қарақия әкімі алты балалы әйелге «Күміс алқа» бермей қойған Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Қаптың ішіне төгілген қан: 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ Жеке үйге ілуге рұқсат: Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа тәртібі Қарақия әкімі алты балалы әйелге «Күміс алқа» бермей қойған Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген

Прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша өткен сотта прокурор айыпталушының мүлкін тәркілеп, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

Айыптаушы тарап Қ. Боранбаевты газды қайта сату кезінде 14,5 миллиард теңге жымқырды деп айыптап отыр.

«Қ.С.Боранбаев 28-баптың 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді прокурор Айжан Аймағанова.

Алайда кәсіпкер тергеушілердің кәдімгі коммерциялық мәмілені қылмыс деп санағанын, енді ұлттық компанияға материалдық шығын келтірді деген айып тағылып отырғанын айтады.

Сотқа сонымен қатар аталған іске қатысы бар деген айыппен Роман Наханов пен «Qazaq Gaz» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та тартылып жатыр. Олар үшін де прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Үшеуі де кінәсін мойындаған жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика