Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді •

    Ресейден әкелінген 45 млн теңгелік вейп тәркіленді (видео)

    Ресейден әкелінген 45 млн теңгелік вейп тәркіленді (видео)

    Қостанай облысының аумағына вейптерді, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз әкелу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің таратқан мәліметінше, тапсырыс берушілер бір вейпті 100 мың теңгеден алмақшы болған.

    Қостанай тұрғыны өзі құрған телеграм-арнасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына одан әрі тарату мақсатында вейптерді заңсыз әкелгені анықталды.

    «Вейптер Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелініп, әрі қарай курьерлер мен почта жөнелтімдері арқылы бүкіл ел аумағында таратылған. Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 000 теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 млн теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді», — делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, сот кінәліге пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Тәркіленген вейптер жойылуға жатады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →