Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    «Барыс» командадағы барлық легионермен қош айтысты

    «Барыс» командадағы барлық легионермен қош айтысты

    «Барыс» хоккей клубына тағайындалған жаңа басшы клубтағы легионерлерді босатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Астаналық хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев алғашқы баспасөз конференциясында клубта болатын ауыс-түйістер туралы ақпарат берді.

    «Бір-екі күн бұрын Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры тарапынан ұсыныс түсті. Біз спорт министрімен кездесіп, жұмысымның барлық нюанстарын егжей-тегжейлі талқыладық. Бүгіннен бастап клубтың басшысы болып жұмыс істеймін. Менің ұсыныстарым қолдау тапты және бүгіннен бастап бұл өзгерістер орындалатын болады», — деді жаңа басшы.

    Баспасөз конференциясында Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубы Даниил Апальков және Владислав Кодоламен келісімшартты бұзатынын жеткізді.

    «Сол сияқты біз барлық легионер — солтүстік америкалық ойыншылардың агенттеріне келісімшартты бұзу туралы хабарламалар жібердік. Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Қалған ойыншылар ұлттық құраманың кандидаттары, біздің жергілікті тәрбиеленушілеріміз», — деп атап өтті жаңа басшы.

    Фото: hcbarys.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →