Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген Атырауда аптап ыстық: тұрғындар қоғамдық көліктерде кондиционердің жоқтығына шағымданды Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады Қазақстан балуандары Мадридтегі Гран-приде 24 медаль жеңіп алды Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды Түтінге уланып қалды: ШҚО-да өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген Атырауда аптап ыстық: тұрғындар қоғамдық көліктерде кондиционердің жоқтығына шағымданды Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады Қазақстан балуандары Мадридтегі Гран-приде 24 медаль жеңіп алды Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды Түтінге уланып қалды: ШҚО-да өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды

Қалған екі матчта нәтиже болмаса Черчесовке кету керек – ұлттық құраманың экс-ойыншысы

Қалған екі матчта нәтиже болмаса Черчесовке кету керек – ұлттық құраманың экс-ойыншысы

Команда ойыншылары гол соғудың не екенін ұмытып қалғандай.

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Вячеслав Эрбес бас бапкер Станислав Черчесовтың жұмысына бағасын берді. «Евро-Футбол.Ру» тілшісімен сұхбаттасқан ардагер ойыншы команданың барлық сәтсіздігіне ресейлік маман жауапты дегенді айтқан.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінде төрт матч өткізіп, бірде-бір гол соға алған жоқ. Алғашқы матчта Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, қалған үш ойында жеңілді.

«Команданың қандай нәтиже көрсетіп жатқанына жауапты ең бірінші адам – бас бапкер. Төрт ойыннан кейін ұлттық құрама бірде-бір гол соқпай, өз қақпасына сегіз доп жіберіп алды. Енді алда екі матч бар, соған бола жаңа бапкер іздеу ақылға қонбайды. Жаңадан келгені бәрібір ешнәрсе шешпейді. Сондықтан, осы екі ойында ойдағыдай нәтиже болмаса Черчесовке кету керек. Ұлттық құрама гол соғу дегенді расымен ұмытып қалды», — деді Эрбес.

Төрт ойыннан кейін небәрі бір ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Топта соңғы орын алған команда келесі маусымда төменгі дивизионға түседі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →