Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Медеу Арынбаев ұлының үйлену тойы жоспары туралы айтты Ақтөбедегі жылқышы ісі: заңгер біржақты ақпаратқа сенбеуге шақырды Далаға дәрет сындырғандар: Республикалық тасжолдардағы антисанитария жаға ұстатты Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында иті үйректерді таланған иесі тек 43 мың теңге айыппұлмен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 719 мың жанға жәрдем: Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау қалай жүзеге асырылып жатыр? Медеу Арынбаев ұлының үйлену тойы жоспары туралы айтты Ақтөбедегі жылқышы ісі: заңгер біржақты ақпаратқа сенбеуге шақырды Далаға дәрет сындырғандар: Республикалық тасжолдардағы антисанитария жаға ұстатты Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында иті үйректерді таланған иесі тек 43 мың теңге айыппұлмен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 719 мың жанға жәрдем: Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау қалай жүзеге асырылып жатыр?

    Қостанай басшысы бюджет есебінен әкім аппаратына қымбат автокөлік сатып алған

    Қостанай басшысы бюджет есебінен әкім аппаратына қымбат автокөлік сатып алған

    Фото: instagram.com/marat_zhundubaev

    Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев жаңа автокөлікті бюджет есебінен не үшін сатып алғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    Жаңа автокөлікке әкім аппараты 23 миллион теңге бөледі. Себебі Қостанай әкімі бұған дейін қолданған 2010 жылғы Lexus LX570 автокөлігі 100 пайыз ескіріп кеткен көрінеді.

    «Біріншіден, көлік тек мен үшін арналмаған. Оны әкімдік аппараты сатып алды. Бұрынғы көлікті жөндеуге өте көп қаражат кетеді. Аппараттағы бюджет көп емес, сондықтан жыл сайын бес миллион теңге жұмсау дұрыс емес деп санаймын», – дейді Қостанай әкімі.

    Оның сөзінше, автокөлікті сатып алуға арналған конкурс өткізілген. Жаңа Kia Sorento автокөлігін сатып алуға 23 миллион теңге жұмсалмақ.

    «Иә, мен оны қолданамын, себебі басқа амал жоқ. Қалада жаяу жүре алмаймын. Өзіміздің автоөнеркәсіп өндіретін автокөлікті сатып алғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Оны тек мен емес, әкім аппаратындағы өзге адамдар да қолданады», – дейді Марат Жүндібаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →