Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты •

    Арнайы операция: ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.

    Кезең кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары  анықталды.

    Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастыратын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.

     

    «Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды», — делінген хабарламада.

    Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.

    Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

    https://www.youtube.com/watch?v=ffoC54lyKP4

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →