Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын •

    Астана әуежайында автотұрақ бағасын көтеруге тыйым салынды

    Астана әуежайында автотұрақ бағасын көтеруге тыйым салынды

    Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай автотұрағының бағасы қымбаттамайтын болды. Астана қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің ескертуінен кейін елорда әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында бағаны көтеруден бас тартты.

    «Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-на бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады», — деп хабарлады ведомство.

    Бұған дейін әуежайдың ресми Instagram парақшасында ақылы тұрақ аймақтарында тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат жарияланған болатын.

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ескертуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында бағаның көтерілуіне жол бермеу шараларын қабылдады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →