Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның 15 спортшысы әлем чемпионатында бақ сынайды Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Қазақстанның 15 спортшысы әлем чемпионатында бақ сынайды Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді?

    Шымкентте оқушылар уланып қалды

    Шымкентте оқушылар уланып қалды

    Шымкентте 10 оқушы спрейден уланып қалды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болды. Жекеменшік «Зере» мектебінің 10-сынып оқушысы ойнап жүріп бұрыш спрейін (перцовый баллончик) терезеге қарата шашқан. Содан өзге оқушылар өздерін жайсыз сезіне бастапты.

    «Мектептен 10 оқушы өзінің мазасыз сезінуіне байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем көмегімен Шымкент қалалық токсикологиялық ауруханасына жеткізілді. Оқыс жағдайдан кейін оқушылар үйіне қайтарылды. Қазір жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп ғимараты зарарсыздандырылған. Мектепте оқу процесі 1 ауысымда жүргізілетін болғандықтан, оқу ертең жалғастырылады» — делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта.

    Ал, бұрыш спрейін (перцовый баллончик) мектепке әкелген оқушылар алдын ала тергеп-тексеру үшін Тұран аудандық полиция бөліміне заңды өкілдерімен жеткізілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →