Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ұлттар лигасы: Ел құрамасы Аустрияға қарсы ойын өткізеді

    Ұлттар лигасы: Ел құрамасы Аустрияға қарсы ойын өткізеді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 қазанда Ұлттар лигасының 3-туры аясында Аустриямен кездеседі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ұлттар лигасының 3-туры аясында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді.

    Аталмыш ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:35-те басталады. Матчтың тікелей көрсетілімін «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

    Сондай-ақ үш күннен кейін, 13 қазанда ұлттық құрама Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-де басталады. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0).

    Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3).

    Фото: kff.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →