Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Соңғысы 1948 жылы өлтірілген: Қазақстанға амур жолбарыстары әкелінеді

    Соңғысы 1948 жылы өлтірілген: Қазақстанға амур жолбарыстары әкелінеді

    Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы жолбарыстарды реинтродукциялау жоспарымен бөлісті. Айтуынша елімізге жақында Нидерланды елінен екі амур жолбарысы жеткізіледі

    Министр еліміздің 2015 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен тиісті реинтродукция құжатына қол қойылғанын еске салды.

    «Қаржыландыру толығымен олардан болады. Біз биыл жолбарыстардың алғашқы санын қабылдауға дайынбыз. Тарихқа сүйенсек бізде әрқашан жолбарыстар болған. Соңғы жолбарыс 1948 жылы өлтірілген. Олар Іле өзенінің сағасында (Сырдарияда) өмір сүрген. Бұл олардың қоныстаныуы мен таралуы үшін өте жақсы орын болды. Бүгін осы жолбарыстарды қабылдауға жағдай жасадық. Амур тұқымдас тұран жолбарысы өте төмен температураға төзімді. Сондықтан Нидерландыдан екі амур жолбарысын әкелуді жоспарлап отырмыз», – деді Нысанбаев мәжіліс аясында.

    Министрдің айтуынша бұл жолбарыстар хайуанаттар бағында болады.

    «Олар босатылмайды. Бірақ алынған ұрпақ табиғаттағы жағдайларға бейімделеді. Сонымен қатар келесі жылы Ресейден 3-4 жолбарыс алуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.  

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →