Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда

    Атырау облысында тасқыннан малы суға кеткен шаруалар жарты жылдан бері өтемақы ала алмай жүр

    Атырау облысында тасқыннан малы суға кеткен шаруалар жарты жылдан бері өтемақы ала алмай жүр

    Атырау облысында жүздеген шаруа жарты жылдан бері өтемақыға қол жеткізе алмай жүр. Тасқын кезінде жылыжайлары су астында қалып, төрт түліктері ағып кетсе де, оларға мемлекеттен көмек берілмеген. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Атыраулық шаруалар су тасқынынан соң шығынға батып, ісін тұралай алмай жүр. Олар мәселелерін әкімге айтқанымен, ештеңе өзгермепті.

    Марат Ислямов жылдап баққан малынан бір-ақ күнде айырылып, қорасы суға кеткен.

    “Қырық метр қорам құлап қалды. Үйім тізенің деңгейіндей суда тұрды. Қазір құлап жатыр. Әлі күнге дейін қыстағыма жете алмай жүрмін. Қыстаққа келейік десек мүмкіндік жоқ”, – деді шаруа Марат Ислямов.

    Төрт түлік пен егін арқылы жан бағып отырған азаматтар тасқын кезінде барынан айырылып, шығынға батты.

    “Қораның барлығы құлады. Жылыжайды су басты. Төрт байталым тоғайдың ішінде қалып қойды. Өлі ме, жоқ па, білмеймін. Комиссия келді, өскен талдарды санады. Жылыжайды қарады да, қораны қарамады. Осы уақытқа дейін үндемедік. Қыс келіп қалды. Енді не істейміз? Қайда барамыз? Кімге барамыз?”, – деді атыраулық шаруа Болат Телеубаев.

    “Бірнеше кездесулер өткізді. Ешқандай нәтиже жоқ. Өтемақы төленбеді. Ештеңе сұраған жоқпыз. Әуелде «Өтемақы төленеді, ауылдық жерді аман алып қалуымыз» керек деді. Бізге өтемақы керек”, – деді шаруа Ербол Тойлыбаев.

    Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Махамбет, Жылыой, Индер аудандарындағы топан судан кейін егін және мал шаруашылығы бойынша шығын көлемі 1 миллиард теңгеге жуықтаған. Арнайы құрылған комиссия есептеу жұмыстарын әлі аяқтамапты. Сондықтан шенеуніктер күтуді сұрады.

    “Зардап шеккен шаруаларға арнайы комиссия барып, зерделеп, бізге тізімді жібереді. Соған сәйкес жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, өтеледі. Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан министрлікке тиісті органдарға хат жазылды”, – деп мәлімдеді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Азат Қапанов.

    Шаруалар комиссия жұмысын жеделдетуді сұрайды. Себебі мал азығын дайындап, жем-шөп жинаға қаражат керек. Оған қоса, бүлінген қыстақтарды қайта қалпына келтіру де оңай шаруа емес дейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →