Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады •

    Мемлекеттік тілді қорламаңыздар — Зайытов министрдің орынбасарларын сынады

    Мемлекеттік тілді қорламаңыздар — Зайытов министрдің орынбасарларын сынады

    Депутат Ринат Зайытов заң жобасын ресми тілде таныстарған министрлердің орынбасарларын сынады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    Мәжілісте Салық кодексінің жобасын және салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулері таныстырылды. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов құжатты орыс тілінде түсіндірді.

    Ринат Зайытов шенеуніктерді бұлай істемеуге шақырды.

    «Президет Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында «Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді» деп анық айтқан. Бәлкім, Евгений Кочетовқа, Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Зайытовқа да кешірілетін шығар. Бірақ атасының аты – Әміре, өзінің аты – Азамат, әкесінің аты – Біржан, өзінің аты – Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Басында 2 сөйлем, соңында 2 сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, мемлекеттік тілімізді қорламауға шақырамын», – деді мәжіліс депутаты.

    Вице-министр Ержан Біржанов аталған заң жобасын талай рет қазақша түсіндіргенін айтты.

    «Еркертуіңізді түсіндік. Мен екі тілде бірдей айта аламын. Салық кодексі болғандықтан кейбір спецификалық терминдер бар. Сондықтан орысша айттық. Бірақ мен осы кодексті талай рет алдарыңызда (мемлекеттік тілде) айттым», – деді ол.

    Азамат Әмрин депутаттың сұрағына жауап бермеді.

    Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →