Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Өте тез таралады»: Әлем бойынша коронавирустың жаңа нұсқасы тарады

    «Өте тез таралады»: Әлем бойынша коронавирустың жаңа нұсқасы тарады

    Ғалымдар Covid-тің XEC деп аталатын жаңа нұсқасы бүкіл әлемге тарай бастағанын ескертті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Бұл нұсқа алғаш рет Германияда маусымда табылды, содан бері XEC Ұлыбританияда, АҚШ-та, Данияда және басқа да бірқатар елдерде тіркелді.

    Мұны америкалық ғалым және Скриппс зерттеу институтының директоры Эрик Топол мәлімдеді. Ол XEC енді тарап жатқанын айтады.

    «XEC негізгі ауру түріне айналғаны анық. Бірақ ол қарқынды таралуына бірнеше ай қажет», – деді Тополь.

    Ғалымдардың айтуынша, XEC басқа вирустардан тезірек таралатын кейбір мутацияларымен ерекшеленеді. Дегенмен қолданыстағы вакциналар аса ауыр зардаптардың алдын алуға көмектесуі керек деп есептейді.

    Фармацевтика өнеркәсібі коронавирусқа қарсы вакциналарды үнемі жаңартып отырады. Бірақ оларды әлі жаңа нұсқаға бейімдеген жоқ.

    Лондон университеттік колледжінің генетика институтының жетекшісі, профессор Франсуа Балудың болжамдары бойынша, XEC келесі қыста Covid-19-дың негізгі нұсқасы болуы мүмкін.

    Фото: Pixabay.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →