Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда әлеуметтік желіге видео салған мотоциклист 10 тәулікке қамалды Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкеніне пышақпен шабуыл жасады 5 тамызда Достық үйінде медиация күніне арналған ашық есік күні өтеді Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Алматыда әлеуметтік желіге видео салған мотоциклист 10 тәулікке қамалды Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкеніне пышақпен шабуыл жасады 5 тамызда Достық үйінде медиация күніне арналған ашық есік күні өтеді Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

    Алматы тұрғыны 27 миллион теңге жымқырып, Түркияға қашып кеткен

    Алматы тұрғыны 27 миллион теңге жымқырып, Түркияға қашып кеткен

    Қазақстанның Бас прокуратурасы Түркияның осы азаматшаны елге қайтарғанын хабарлады.

    Тергеу барысында күдікті әйел Алматыдағы бір компанияда бухгалтер болып жұмыс істеп жүргенде 27 миллион теңгені ұрлағаны анықталған. Ол жалған құжаттар пайдаланған. 2023 жылы әйел Түркияға қашып кеткен соң, оған халықаралық іздеу жарияланған.

    «Осы жылдың тамыз айында оны Түркияда ұстап, Қазақстан құқық қорғау органдарына тапсырды. Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері елшілік көмегімен әйелді Қазақстанға экстрадициялады», – деп хабарлады қадағалау органында.

    Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Оған мүлікті тәркілеумен бірге жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →