Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді •

    Қарағандыда газ жабдығы жарылып, үш адам зардап шекті

    Қарағандыда газ жабдығы жарылып, үш адам зардап шекті

    Фото: ТЖМ

    Қарағандыда газ жабдығы жарылып, үш адам адам зардап шекті. Жарылыс салдарынан екі адам реанимацияға, біреуі комбустология бөліміне түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Төтенше жағдай 13 қыркүйек сағат 14.37-де Қарағандыдағы Пригородная көшесінде жер үйде болған. Газгольдерді толтыру кезінде кенеттен атылған.

    – Жер үйдің гаражында газ жабдықтарын толтыру кезінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. ТЖД мәліметінше, газ жабдықтары салыстырмалы түрде жақын орнатылған. 3 адам зардап шекті, – деді Қарағанды тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Темірлан Әбілқасымов.

    Апаттар медицинасы орталығының шұғыл бригадасы оқиға орнында бір адамға жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

    Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

    – Екі науқас реанимацияға жатқызылды, жағдайы ауыр. Үшінші пациент комбустиология бөлімінде, орташа ауыр жағдайда. Үш пациенттің де термиялық күйігі бар, реанимациядағы науқастардың жасы – 21 және 52-де, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →