Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді •

    Нұрбек пен Айбек Оралбайдың ата-анасы ұлдарының бапкеріне қымбат сый жасады

    Нұрбек пен Айбек Оралбайдың ата-анасы ұлдарының бапкеріне қымбат сый жасады
    Фото: instagram.com / askar_yerkebayev

    Қазақстандық боксшылар Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбайдың ата-анасы ұлдарының жеке жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа көлік мінгізді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбайдың жеке бапкері Асқар Еркебаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында шәкірттерінің ата-анасы оған көлік сыйлаған видеосын жариялады.

    «Асекеңнің туған күніне орай оған көлік сыйламақшымыз. Отбасымыздан атынан құттықтап жатырмыз. Темір тозса да, өздері тозбасын», — деді боксшылардың әкесі Рахат Қуандықов.

    Асқар Еркебаев та көрсетіліп жатқан сый-сияпатқа өз ризашылығын білдірді.

    «Өнегелі отбасыдан үлгілі ұрпақтар өседі. Шәкірттерім мен ата анасының еңбегімді ерекше елеп, құрмет, сый-сияпат жасап жатқандарына Алла разы болсын. Шәкірттерім өсті, енді маған мотивация беріп жатыр деген осы сәт екен… Бір бірлерімізге деген құрмет-сыйымыз ешқашан таусылмасын», — деп жазды Асқар Еркебаев әлеуметтік желідегі парақшасына.

    Айта кетейік, Асқар Еркебаев – ағайынды боксшылар Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбайдың жеке жаттықтырушысы. Парижде өткен жазғы Олимпиадада да шәкірті Нұрбек Оралбай күміс медаль иеленген еді.

    Фото: instagram.com/askar_yerkebayev 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →