Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді •

    Мемқызметшіні артық жұмсаған лауазымды тұлға 138 мың теңге айыппұл төлейді

    Елімізде мемлекеттік қызметшілерді негізгі міндеті мен шамадан тыс жұмсаудың жауапкершілігі бұрыннан бар. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтып отыр, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    «Мемлекеттік қызметшіні нормадан тыс жұмсау жағдайындағы жауапкершілік жаңашылдық емес. Бұрыннан бар. Бүгінде мемлекеттік қызметшінің артық жұмыс істеуі бойынша мониторинг жүргізу біздің агенттіктің құзыретіне берілген. Егер мониторинг аясында артық жұмсау фактісі тіркелсе, ол бойынша тексеріс жүреді. Оның нәтижесінде факті расталса, әрине жауапкершілік қарастырылған», — деді Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

    Оның айтуынша, кінәліні бірден жауапқа тартпай, ескерту жасалуы да мүмкін. Ол жағы болған фактіге байланысты.

    «Лауазымды тұлға болса, оған 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде (шашамен 138 мың теңге) айыппұл қарастырылған. Жалпы, соңғы уақытта мемлекеттік қызметшілердің қалың ортада оң имиджін қалыптастыру және жастар арасында тартымдылығын қамтамасыз етуде қажетті шаралар қабылданып жатыр деп есептеймін. Аталған проблема бұрыннан келе жатыр. Біз оны жаңа заң жобасы аясында шешуге тырыстық», — дейді ол.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →